Енді қарызды бір күн кешіктірген азаматтарға кредит берілмейді

2025 жылғы 24 қарашадан бастап Қазақстанда берешегі бар азаматтарға тұтынушы несиесі шектеледі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа қаулысымен кейінгі 12 айда 90 күннен астам төленбеген қарызы бар азаматтардың борыш жүктемесі коэффициенті 0,5-тен 0,25-ке төмендейді.

Кепілсіз кредит келесі жағдайларда берілмейді:

  • Банкке қарыз 30 күннен асқан жағдайда, микрокредит бойынша – бір күннен асса;

  • Кейінгі 36 айда негізгі борыш пен сыйақы бойынша толық кешірілген берешек болған жағдайда;

  • Қайта құрылымдау кейінгі 12 айда қарыз алушының міндеттемесін орындауына әсер етпесе.

Бұл шара тұрғындардың берешегі шамадан тыс көбейіп кетпеу үшін енгізіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да