Қазақстанға 2025 жылы 13 202 этникалық қазақ оралып, қандас статусын алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
Тәуелсіздік алғаннан бері елге барлығы 1 миллино 161,2 мың этникалық қазақ қоныс аударған.
Қандастар қай елдерден келді?
Биыл келушілердің басым бөлігі көрші мемлекеттерден:
-
45,6% – Өзбекстаннан,
-
42,3% – Қытайдан,
-
4,1% – Түрікменстаннан,
-
2,9% – Моңғолиядан,
-
2,6% – Ресейден,
-
2,5% – басқа елдерден.
Қандастардың әлеуметтік құрамы:
-
57,6% – еңбекке қабілетті жаста,
-
33,9% – 18 жасқа дейінгі балалар,
-
8,5% – зейнеткерлер.
Білім деңгейі бойынша:
-
15,2% – жоғары білімді,
-
28,2% – орта кәсіби білімді,
-
50,5% – жалпы орта білімді,
-
6,1% – білімі жоқ.
Еңбек күші тапшы өңірлер ретінде мыналар белгіленген: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. 2025 жылға осы өңірлерге арналған қандастар квотасы – 2 309 адам. Қазіргі таңда 1 942 қандас қоныс аударған.

