20 мамырда Dreame Қазақстанда жаңа MF10 қалақсыз желдеткішін іске қосады. Бұл жаз мезгілінде үйді жайлы салқындатуға арналған заманауи шешім. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Dreame мәліметінше, модельдің басты ерекшелігі — қалақсыз конструкциясы. Мұндай формат ауаны бірқалыпты әрі жұмсақ таратып, өткір ауа ағынын болдырмайды. Сонымен қатар құрылғыға күтім жасау да оңайырақ: желдеткіште шаң аз жиналады, ал корпус пен сүзгіні жеңіл тазалауға болады. Ашық айналмалы қалақтардың болмауы құрылғыны балалар мен үй жануарлары үшін қауіпсіз етеді.
- MF10 құрылғысы GyroWing™ технологиясымен жабдықталған. Ол ауа ағынын 270 градусқа дейін таратып, салқын ауаның бөлме ішінде біркелкі бөлінуіне көмектеседі. Желдеткішті кондиционермен бірге де қолдануға болады: бұл бөлмені тезірек салқындатып, жайлы температураны сақтауға мүмкіндік береді.
- AirBoost™ технологиясы ауа ағынын күшейтіп, ыстық күндері тиімді салқындатуды қамтамасыз етеді. Әртүрлі сценарийлерге арналған интеллектуалды режимдер де қарастырылған. Олардың қатарында табиғи жел режимі, қуатты автоматты реттеу және тыныш түнгі режим бар.
Айта кетейік, құрылғыны мобайл қолданба, пульт немесе дауыстық басқару арқылы қолдануға болады.
20 мамыр мен 1 маусым аралығында Dreame MF10 арнайы бағада — 139 990 теңгенің орнына 114 990 теңгеден ұсынылады. Сонымен қатар сатып алушыларға сыйлық ретінде HEPA-сүзгі беріледі.

