Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкіметте өткен брифиңде Астананың екінші әуежайын салуға қатысты жоспарлар туралы айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта екі негізгі аумақ қарастырылып отыр. Олардың бірі — Балқарағай бағыты.
Қазір екі орын қаралып жатыр, соның ішінде басымдық Балқарағай бағытына берілген. Нақты шешім техникалық-экономикалық негіздемеден кейін қабылданады. Бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ, — деді министр.
Сонымен қатар ол жобаға қатысты инвестиция мен серіктес таңдау жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.
Мұндай ірі әуежай жобалары үлкен инвестицияны қажет етеді. Қазіргі уақытта технологиялық және инвестициялық серіктестермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл процеспен толықтай Астана әкімдігі айналысып жатыр, — деді Нұрлан Сауранбаев.

