Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

2025 жылы қандастардың басым бөлігі қайдан келді?

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстанға 2025 жылы 13 202 этникалық қазақ оралып, қандас статусын алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Тәуелсіздік алғаннан бері елге барлығы 1 миллино 161,2 мың этникалық қазақ қоныс аударған.

Қандастар қай елдерден келді?

Биыл келушілердің басым бөлігі көрші мемлекеттерден:

  • 45,6% – Өзбекстаннан,

  • 42,3% – Қытайдан,

  • 4,1% – Түрікменстаннан,

  • 2,9% – Моңғолиядан,

  • 2,6% – Ресейден,

  • 2,5% – басқа елдерден.

Қандастардың әлеуметтік құрамы:

  • 57,6% – еңбекке қабілетті жаста,

  • 33,9% – 18 жасқа дейінгі балалар,

  • 8,5% – зейнеткерлер.

Білім деңгейі бойынша:

  • 15,2% – жоғары білімді,

  • 28,2% – орта кәсіби білімді,

  • 50,5% – жалпы орта білімді,

  • 6,1% – білімі жоқ.

Еңбек күші тапшы өңірлер ретінде мыналар белгіленген: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. 2025 жылға осы өңірлерге арналған қандастар квотасы – 2 309 адам. Қазіргі таңда 1 942 қандас қоныс аударған.

Exit mobile version