Алматыда Үндістан азаматын тонап кеткен күдікті ұсталды

Алматыда үндістандық туристі тонап кеткен күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.

Үндістан азаматының арызы бойынша Алматының Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Ұрлық жасағаны күдіктелген адам анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұрланған ұялы телефонды толық, жан-жақты және объективті тексеру мақсатында тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар телефонның иесіне қайтарылуы қамтамасыз етіліп жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да