Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Оралда өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.
Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр, – делінген Ақорданың хабарламасында.
