Түркістан облысының Сауран ауданында дрон арқылы жүргізілген тексеріс кезінде жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі анықталды.
Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Прокурорлардың мәліметінше, Құрсай өзені бойында құм-қиыршықтас қоспасы заңсыз өндірілген.
Тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары мен бірқатар полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар тексеріс нәтижесінде заңсыз жасалған меморандумның күші жойылды.
