ЖИ жасаған контенттің авторлық құқығы кімге тиесілі?

Не болды?

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылекова жасанды интеллект арқылы жасалған шығарманың авторы кім болатынын түсіндірді. Бұл туралы Orda.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ботагөз Жақсылекованың айтуына қарағанда, заңнамада автор деп тек адамды (жеке тұлға) көрсетеді, ал цифрлық жүйе автор бола алмайды. Ол жасанды интеллект авторлық құқық субъектісі емес екенін айтып өтті.

Автор – сұраныс жіберген адам. Себебі ЖИ – тек берілген алгоритмді орындайтын құрал. Сондықтан алгоритмді енгізген адам туындының авторы саналады, — деді Ботагөз Жақсылекова.

Контекст

Естеріңізге салайық, мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заң қабылдады.

«ЖИ-мен емес, мимен жаз». Балалар басылымдары жасанды интеллектіні қалай қолданып жүр?

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да