Не болды?
Алматыдағы Абай ұлттық мектебі президент тапсырмасы бойынша, жаңа ғимаратқа көшеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.
Мәлімет
Жаңа мектеп ғимараты 900 орынға арналған. Оның аумағында оқушылар үйі бой көтерген. Мектепте Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған мұражай да болады.
Республикалық ономастикалық комиссияның шешімі брйынша, оған Абай ұлттық мектебі атауы берілді. Білім беру ұйымының тұжырымдамасы классикалық білім беруді ұлттық және халықаралық стандарттармен ұштастыра отырып, Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделген, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Абай мектебіне оқушы 8-кластан бастап қабылданатын. Биылғы оқу жылынан бастап 7-класқа өтетін оқушылар да қабылдана бастады.
Министрліктің ақпаратына қарағанда, негізгі мақсат — мемлекет басшысының «Адал азамат» тұжырымдамасы мен Абайдың «Толық адам» іліміне сәйкес бойына ұлттық құндылықты сіңірген, әлемдік бәсекеге қабілетті, білімі терең, бастамашыл, адал азамат тәрбиелеу.
Контекст
Алматыда Республика күніне орай бірден төрт заманауи жалпы білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды.
