Алматыда жүргізушілерге ескерту жасалды

Алматыда алдағы күндері жауын-шашын жауып, аяз болады, ауа температурасы төмендейді. Полиция департаменті тұрғындарды және жүргізушілерді жолда аса сақ болуға үндеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қолайсыз ауа райы жол қозғалысына айтарлықтай әсер етеді.

Жауын-шашын мен көктайғақ кезінде жолдарда кептеліс пен апат жиілейді. Мұндай жағдайлардың басты себебі — қатысушылардың тәртіпсіздігі. Кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпей, қауіпті маневрлер жасайды, ал жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілмеген жерден өтеді, – деді Алматы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар полиция көліктерді қысқы маусымға дайындауға және жол ережесін қатаң сақтауға кеңес берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да