Пилот жоба. Мектепте жүзу міндетті пән ретінде оқытылады

Не болды?

2026 жылы мектепте жүзу міндетті пән ретінде оқытылады. Алайда бұл әзірше пилот жоба болмақ. Бұл туралы үкімет отырысында Қазақстанның жүзу спорты федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мәлімдеді.

Мәлімет

Дмитрий Баландиннің сөзіне қарағанда, бұл — пилот жоба. Ол алдымен Астана мен Алматы мектептерінде іске қосылады, кейін басқа қалаларда да енеді.

Жүзу пәнін енгізу туралы шешім АҚШ, Аустралия және Венгрия үлгісіне негізделген. Бұл елдерде жүзу — мектеп бағдарламасының міндетті әрі маңызды бөлігі. Қазақстанда бұл бастаманы жүзеге асыру үшін бассейн жетеді. Оның ішінде олимпиадалық деңгейдегі бассейндер де бар, — деді Дмитрий Баландин.

Контекст

Елімізде оқу жылы басынан бері 130 мыңнан астам оқушы реновациядан өткен, жайлы әрі қауіпсіз мектептерде білім алып жатыр.

Мектептегі профориентолог оқушыларға мамандық таңдауға қалай көмектесе алады?