Қазақстанда 1 300 мектеп толығымен жаңарады

Жаңа оқу жылының басынан бері еліміз бойынша 130 мыңнан астам оқушы реновациядан өткен, жайлы әрі қауіпсіз мектептерде білім алып жатыр.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу мақсатында қазір 1300-ге жуық білім ордасында реновация бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Биыл 245 мектепте кешенді реновация жүргізіліп жатыр, олардың 134-інде жұмыстар толық аяқталды. Бағдарлама аясында мектептерде күрделі жөндеу жүргізіліп, пән кабинеттері мен жиһаз жаңартылып жатыр. Сонымен қатар оқу орындары талшықты-оптикалық интернетке қосылып, спорт залдары, кітапханалар мен асханалар жаңғыртылып жатыр. Жоба үш жылға жоспарланған. 2025 жылы – 245, 2026 жылы – 434, 2027 жылы – 552 мектеп жаңартылады. Ал 2028–2029 жылдары Жамбыл облысындағы 67 мектепке реновация жасалады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да