2 балл. Оңтүстік Қазақстанда жер сілкінді

Түнгі сағат 01:29-да Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

Сейсмикалық станциялар желісі тіркеген деректер бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер асты дүмпулерінің күші екі балл болды. Тербелістер Шымкент қаласында және Түркістан облысының бірнеше ауданында сезілді:

  • Мақтаарал ауданындағы Мырзакент кентінде;

  • Жетісай қаласында;

  • Шардара қаласында.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.