Қазақстан азаматтары ұлтын қаншалық жиі өзгертеді?

Не болды?

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында елімізде ұлтын өзгертуге қатысты құжат (төлқұжат/жеке куәлік) алу үшін 2 272 формуляр рәсімделген. Бұл туралы Data hub хабарлап отыр.

Мәлімет

«Бір формуляр = бір адам» деп алуға болады. Жыл басынан бергі 39 апта ішінде, орта есеппен, аптасына 58 азамат құжаттағы ұлтын өзгертем деп шешкен.

Қазақстан азаматтары нақты қандай ұлттан қандай ұлтқа ауысатыны туралы мәлімет анық емес. Алайда аймақтар бойынша бөлініс бар. Ұлтын өзгертуге деген қызығушылық Алматы тұрғындары арасында жиірек байқалады. Қаңтар-қыркүйек айлары бойынша қаланың әр 10 мың тұрғынына шаққанда 2,5 формулярдан келеді. Мысалы, Астанада бұл көрсеткіш шамамен 2-ге жуық, ал ҚР бойынша жалпы деңгей — 10 мың адамға шаққанда шамамен 1,1 формуляр.

Азаматтар тағы қандай себеппен жаңа құжат алуға өтінім беретінін иллюстрациядан көріңіз.

Азаматтардың құжат ауыстыру себебі
Фото: Data hub

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да