Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Мұғалім ChatGPT-ді сабақта қалай тиімді қолдана алады?

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
Мұғалім Гүлмира Самылтырова ChatGPT-ді қалай тиімді қолдануға болатынын айтып берді.

Педагогтың айтуынша, ChatGPT маманға сабақ процесін ұйымдастыруға, уақытын үнемдеуге көмектеседі:

  1. Сабақ жоспарын дайындау. Мұғалім ChatGPT арқылы сабақ жоспарын, мақсатын, құрылымын жылдам жасай алады.
  2. Сабақ материалдарын жеңілдету. Оқушыларға кей тақырыпты түсіну қиын.  Мұндай кезде мұғалім ChatGPT арқылы тақырып материалдарын қарапайым әрі түсінікті етіп дайындай алады.
  3. Тест пен жаттығу құрастыру. Мұғалім жүйе арқылы тест сұрақтарын құрап, ішінен жақсысын өз тестіне қоса алады. «Үздік оқушыға күрделірек, үлгерімі нашар оқушыға жеңілірек тапсырма құрастырып берші» деп те сұрауға болады.
  4. Идея алу. Мұғалім оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін сабақта түрлі ойын, пікірталас, интерактив қосқаны жөн. Алайда жаңа идея ойлап таба беру оңай емес. Осы кезде ол жүйеге «Тартылыс күшін түсіндіретін ойын керек» деп жазса, бірнеше нұсқа шығады. Мұғалім сабағына қолайлысын таңдай алады.
  5. Әр оқушының жұмысын талдау. Сабақ уақыты шектеулі болғандықтан, мұғалім әр оқушыға көңіл бөле алмайды. Тапсырманы тексеріп болған соң, оқушыға қосымша көмек немесе терең талдау қажет болса, ChatGPT қолдануға кеңес бере алады.

Алайда ChatGPT  берген мәліметті сол күйі көшірмеу керек. Әр мұғалім құралдың ұсынғанын сабағына ыңғайлап қолданғаны жөн, – дейді педагог.

Мақалаға реакция