Ақмола облысында ЭКСПО қатысушылары мен қонақтары үшін 7 турпакет əзірленген

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мəліметі бойынша аймақ басшысы Бурабайдағы Абылай хан алаңы, жағажай аумағы, орталық базар тəрізді халықтың көп жиналатын қоғамдық орындарды бақылап көрді.

Сапар қорытындысы бойынша Мəлік Мырзалин абаттандыру жəне санитарлық тазалық бойынша сын ескертулер айтып, аталмыш мәселелерді қысқа мерзім ішінде шешу туралы жергілікті билікке, жауапты органдар мен қызметтерге тапсырма берді.

«Астаналық облыс ретінде ақмолалықтар «ЭКСПО-2017″-ні ұйымдастыру, өткізу жəне қатысуда белсенділік танытуы керек.  Біз шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде қарсы алып, сапалы қызмет көрсетуіміз қажет», деп атап өтті аймақ басшысы.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында туристерді қабылдау үшін Шучинск-Бурабай курортты аймағы жəне Қорғалжын қорығын арқылы 30-дан астам бағытты қамтитын 7 турпакет əзірленген.