Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

6,1 балл. Түркияда жер сілкінді

Фото: Түрік баспасөзі

Не болды?

27 қазан, түнде Түркияның батысында қуаты 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы түрік баспасөзі хабарлап отыр.

Мәлімет

Дүмпудің ошағы Балыкесер провинциясының Сындырғы ауданында, 10 км тереңдікте орналасқан. Жер жергілікті уақытпен түнгі сағат 22:48-де сілкінді. Оның қозғалғанын Ыстанбұл, Бурса және Измир тұрғындары да сезген.

Елдің ішкі істер министрі Әли Ерлікайдың мәліметінше, дүмпу туралы хабар түскен бетте құтқарушылар іске кірісті.

Жер сілкінісі көрші өңірлерде де сезілді. Төтенше жағдайлар қызметі мен оның бөлімшелері жұмыс істеп жатыр, – дейді Әли Ерлікай.

Ерлікай 29 адам зардап шеккенін, бірақ ешкім өлмегенін мәлімдеді. Аудандардың кейбірінде жарық сөнген, су тоқтаған. Түркия президенті Реджеп Ердоған жағдайды жіті бақылап отырғанын хабарлады. Балыкесер провинциясынағы мектептер бір күнге жабылды.

Контекст

Естеріңізге салайық, жақында ғана Қазақстанға жақын аумақта магнитудасы 4,0 балл жер сілкінді.