Д.Құдайберген таеквондодан Қазақстан құрамасын қолдайды

Не болды?

Ертең, 24 қазан күні Қытайда таеквондодан әлем чемпионаты басталады. Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген ұлттық құрамаға қолдау көрсетеді. Бұл туралы Qazsport.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Димаш Құдайберген әлем чемпионатында өз спортшыларымызға қолдау көрсету үшін жарыс өтетін Уси қаласына арнайы ұшып келді.

Анықтама

2027 жылы таеквондодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. Дүниежүзілік таеквондо федерациясы Қазақстан кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Федерация президенті Кудрат Шамиев Астанада өткен «Kazakhstan Open» турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын еске салды.