Алматының Алатау ауданындағы Қарасу көлінің бойындағы скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған жобаны іске асыру осы жылдың сәуір айында басталған еді.
12 мың шаршы метрден астам алаңда ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аумақ көркейтілді, арт-нысандар орнатылды, арық өткелі мен амфитеатр салынды. Сонымен қатар автоматты суару жүйесі жабдықталып, көшені жарықтандыру желілері жүргізілді. Табиғи рельефті сақтауға және Қарасу көлінің жағалауын экологиялық жақсартуға ерекше назар аударылды, — делінген хабарламада.
Бүгінде барлық жұмыс аяқталды.
