Биыл Алматы халықаралық әуежайының табысы екі есе азайды

Компанияның жалпы табысы туралы жарияланған есепте өткен жылдың осы уақытында жоғарыдағы көрсеткіштің қазіргіден 2,2 есе артық болғаны айтылады.

Үш айдағы әуежай кірісі 11,7 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылғыдан 8,3 пайызға артық.

Ал жалпы табыс 26,8 пайызға азайып, 2 млрд теңге айналасында болды. Операциялық табыс 49,1 пайызға құлдырап, 1,4 млрд теңгеге теңесті.

Сонымен қатар, салық төлегенге дейінгі табыс 47,4 пайыз қысқарып, 1,4 млрд теңге болды.

Өз кезегінде компания активі алғашқы үш айда 69,7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,5 пайызға аз.

Дереккөз7kun.kz