LRT жолының кейбір бөлігіне электр қуаты беріле бастайды

Бүгін, 18 қазан күні сағат 10:00–ден бастап № 109–№ 111 станциялар аралығындағы учаскеде LRT электрмен жабдықтау жүйесінің жабдықтарына тұрақты кернеу беріледі. Бұл туралы City Transportation Systems хабарлап отыр.

Көлік компаниясының мәліметінше, максималды кернеу деңгейі — 20 000 В (жоғары кернеу).

Құрылыспен айналысатын ұйымдар мен тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Рельстерге, кабель желілеріне және құрал жабдықтарға жақындамаңыз. Рұқсатсыз станция аумағына және жол аймағына кірмеңіз, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да