BBC Маңғыстаудың ерекше көріністерін көрсетті

Не болды?

Маңғыстау облысы халықаралық BBC арнасының жаңа бейнематериалының басты кейіпкеріне айналды. Бұл туралы Mangystau.news хабарлап отыр.

Мәлімет

«The alien lands once hidden beneath the ocean» (Мұхит түбіне жасырынған тылсым жерлер) атты бейнеролик BBC парақшасының Reels платформасында жарияланды. Ролик өңірдің бірегей табиғаты мен геологиялық тарихына арналған.

Материалда Маңғыстаудың жер бетінде сирек кездесетін ерекше көріністері, атап айтқанда, миллиондаған жыл бұрын ежелгі мұхит түбінде қалыптасқан үстірттер, шатқалдар мен жартастары бейнеленген.

BBC түсірген материал Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныстыруға ықпал етіп, шетелдік аудиторияның еліміздің табиғи және мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттырады.

Айта кетейік, биыл шілде айында үкіметтің қаулысымен 2025-2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік өңірін дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Құжат тоғыз бағытты қамтиды және 102 іс-шарадан тұрады.

Жоспар аясында өңірдің туристік инфрақұрылымын кеңейту көзделген. Негізгі міндеттердің қатарында Бозжыра, Тамшалы, Жығылған, Торыш, Шақпақ-Ата, Саура және Қызылқұп сияқты табиғи және мәдени нысандарға қолжетімдікті арттыру бар. Сонымен қатар Кендірлі курортты өңірін дамытуға ерекше мән берілген. Жоспар бойынша көлік бағыттарын салу мен қайта жаңарту, инженерлік желілер мен туристік нысандардың құрылысы, оның ішінде әуежай мен автовокзал салу қарастырылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да