Басты бетБастыKASE таңертеңгілік...

KASE таңертеңгілік сессия: 1 доллар — 383,2

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды қор биржасының баспасөз қызметі.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 383,23 теңгені (+8,63 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 57 750 мың (+32 900 мың USD) АҚШ долларын құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша орташа сараланған бағамы бір юаньға 57,7700 теңгені (+1,1067 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі — 100 мың юань (-200 мың юань).

Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

ДереккөзҚазАқпарат