Сайлауға 14 үміткер қатысқан. Нәтижесінде қазақтың даңықты балуаны ең көп дауыс жинап, Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланды.
Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов бүгінгі таңда Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице-президенті қызметін атқарып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Болатұлы Тұрлыханов 1963 жылы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген.
Грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, 12-ші Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, 24-25-ші Олимпиадалық ойындарының күміс, қола жүлдегері болған.
1995-1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.