4 балл. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінді

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 4 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС хабарлап отыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, сейсмикалық жағдай Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында анықталды.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 6 қазанда сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі 465 км жерде орналасқан. Қырғызстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.

  • Эпицентр координаттары 42.270º с.е. 71.378º ш.б. Тереңдігі 10 км.
  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3, Магнитуда MPV 5.9.

Есептік қарқындылық (балмен):

  • Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, 4 балл.
  • Жамбыл облысы Тараз қаласы 4 балл.
  • Жамбыл облысы, Байзақ ауд., Сарыкемер ауылы, 4 балл.
  • Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, 4 балл.
  • Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, 4 балл.
  • Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласы 3 балл.
  • Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, 3 балл.
  • Түркістан облысы, Манкент ауылы, 3 балл.
  • Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, 3 балл.
  • Т. Рысқұлов атындағы Жамбыл облысы Құлан ауылы 3 балл.
  • Шымкент қ. 3 балл.
  • Жамбыл облысы, Мерке ауд., Мерке ауылы, 3 балл.
  • Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, 3 балл.
  • Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, 3 балл.
  • Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы (Шаян) 3 балл.
  • Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 2 балл.
  • Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, 2 балл.
  • Түркістан облысы Арыс қаласы 2 балл.
  • Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, 2 балл.
  • Жамбыл облысы Шу қаласы 2 балл.
  • Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, 2 балл.
  • Жамбыл облысы Шу ауданы Төле Би 2 балл.
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, 2 балл.
  • Жамбыл облысы, Мойынқұм ауд., Мойынқұм ауылы, 2 балл.
  • Түркістан облысы Кентау қаласы 2 балл.
  • Түркістан облысы Түркістан қаласы 2 балл.
  • Жамбыл облысы, Қордай ауд., Қордай ауылы, 2 балл.
  • Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, 2 балл.
  • Түркістан облысы, Сауран ауд., Шорнақ ауылы, 2 балл.
  • Түркістан облысы, Жетісай ауд., Жетісай қ., 2 балл.
  • Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы 2 балл.

ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен бейнеконференц-байланыс жүргізілді. Өңірлердегі жағдай талқыланды. ҚР ТЖМ күштері мен құралдары ден қоюға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ мониториңді жалғастырып жатыр және өңірлермен тұрақты байланыста. ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен ТЖМ Жедел штабының кеңесі өтті, – делінген хабарламада.

ТЖМ Командалық орталығында жер сілкінісінен кейінгі іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізді. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталған жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен аса маңызды инфрақұрылымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да