Алматыда кәсіпкердің үйін тонаған қарақшылар ұсталды

Криминалдық полиция қызметкерлері жеке кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық қылмысты ашты. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

12 қыркүйекте күдіктілер маска киіп, жеке үйге кірген. Шығын – 500 миллион теңге. Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды, — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

ІІМ мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және өткен жылы Алматыда жасалған екі ұқсас ашылмаған қылмысқа қатысы бары анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.