Президент: әлжелі арқылы халыққа ақыл айтатындар көбейіп кетті

Президент жұрттың қаржылық, ақпараттық, цифрлық және басқа да саладағы сауатын арттыру мәселесін көтерді.

Ғалымдар әрдайым жасампаздық жаршысы болуға тиіс. Қазір әлеуметтік желі арқылы халыққа ақыл айтатындар көбейіп кетті. Олардың арасында жалған ақпарат таратып, жұртты адастыратын адамдар аз емес. Осындай санасыз, пиғылы арам адамдардың теріс ықпалына түсіп, кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек немесе халықты арандатуды көздейтін материалдар жаза бастады. Мекемелер технологияларды пайдалана отырып, осындай деструктивті жазба жазатын адамдардың аты-жөнін, тұратын жерін, бәрін анықтап алып жатыр, — деді Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес отырысында.

Оның айтуынша, мұндай сәтте ғалымдар үнсіз қалмауы керек. Олар жастар арасында, жалпы қоғамда жан-жақты ағарту жұмысын жүргізуі керек.

Үкімет пен әкімдердің қызметінде олқылық мүлдем жоқ деп ешкім айтпайды. Алайда олар туралы пікір айтқан кезде халықты арандатпай, қоғамды шулатпай, салмақты және саналы пікір айту қажет. Еліміздің тұрақтылығы – ең маңызды басымдық. Кез келген мәселе жайлы қоғамдық пікір білікті мамандардың көзқарасы негізінде қалыптасуы керек, – деді президент.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да