Не болды?
Ұлттық ұлан сарбаздары жаңа автокөліктер алып, сапта «күзгі вальс» биледі.
Мәлімет
Астанада Ұлттық ұланның жүргізушілеріне қоғамдық тәртіпті қорғау және жедел әрекет етуге арналған 32 жаңа автокөліктің кілті табысталды. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтің айтуынша, жаңа техника бөлімшелердің мобильдігін арттырып, әскери жасақтардың жылдам қимылдауына мүмкіндік береді.
Жүргізушілер жаңа көліктерді ала салысымен сап алаңында синхронды «күзгі вальс» билеп, ерекше қойылым қойды.
Ұлттық ұлан ішкі істер органдарымен бірге ірі қалаларда тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. 2025 жылдың бірінші жартысында гвардия қызметкерлері 173 қару мен оқ-дәрілер, 828 грамм есірткі тәркіледі және оны өткізуге бағытталған 77 әрекетті тоқтатты. Шамамен, 10 мың құқық бұзушы полицияға жеткізілді, олардың 379-ы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Күн сайын 7 мыңнан астам гвардияшы қызметке шығады.
