ШҚО тұрғыны итін көлігіне байлап сүйреген: ер адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында 49 жастағы Алтай қаласының тұрғыны итін көлігінің артына байлап сүйреп жүрген. Бұл туралы ШҚО ПД хабарлап отыр.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялағаннан кейін қоғамда үлкен наразылық туындады. Кейін ер адам жануардың үйренген орнынан шыққысы келмей, тырмалап, тістелегенін айтып ақталды.

Көлікке итін байлап жүрген жүргізушінің кім екені анықталды. Ол – Алтай қаласының 49 жастағы тұрғыны. Жануарға қатыгездік жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Учаскелік инспектор иттің денсаулығын тексеріп, бәрі дұрыс екеніне көз жеткізгеннен кейін иесімен профилактикалық әңгіме өткізді. Оған жануарларды тасымалдау ережелері мен қатыгездікке қарсы заң нормалары түсіндірілді, – делінген хабарламада.

Ер адамға 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да