Алматыда самокат мінген ер адам жаяу жүргіншінің көзінен ұрған

Алматыда 3 қыркүйек күні самокат мінген ер адам жаяу жүргіншіге шабуыл жасап, көзіне үшкір зат сұғып алғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.

Күдіктінің арада бірнеше күн өткеннен кейін ұсталғаны белгілі болды.

5927765337303417e7c2b5561d44f7fe Алматыда самокат мінген ер адам жаяу жүргіншінің көзінен ұрған
Фото: Алматы қалалық ПД

Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау және кінәлі адамды жауапқа тарту мақсатында бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Бүгінге дейін жәбірленушінің көзіне бірнеше рет ота жасалғаны, сол сияқты оның өз қаражатына емделіп жатқаны белгілі болды.