Биыл Шалқар ауданының үш ауылы газ және сумен қамтамасыз етіледі

Шалқар ауданының әкімі Б.Қаниев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында 2016 жылы Байқадам ауылына жүргізілетін газ құбыры мен Қаратоғай ауылының ішіне жүргізілетін газ құбырының құрылысын бастауға облыстық бюджеттен қаржы бөлінгенін, биыл  құрылыс аяқталатынын айтты. Сонымен бірге Бершүгір, Сарысай мен Алғабас ауылдарына газ құбырларын жүргізуге арналған н жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, дайын тұр екен.

Аудан әкімінің айтуынша, 2016 жылы Шалқар қаласындағы су құбыры желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, ауданды дамытуда су құбырлары желісінің құрылысы басталған.

Ал 2017 жылы Аққайтым және Байқадам ауылдарындағы су құбырларының құрылысы басталып, Бершүгір ауылындағы су құбыры реконструкцияланатын болады.

ДереккөзBnews.kz