Мазмұнға өту
Басты бет / Басты /

Қызына видеода «арақ» ішкізіп отырған әке «Ойнап іштік» дейді

Сөйтіп, бұл оқиға мүлде басқа бағыт алды. Полицияға өзі келген отағасы осы видеоны Интернетте жариялаған қолданушының үстінен шағым түсірді.

«Астана қаласының 34 жасар тұрғыны үйде балаларымен әзіл үшін видеоролик түсіргенін айтты. Арақтан босаған шөлмекке «Сарыағаш» минералды суын құйып, қыздарына рюмкаға құйып ішкізген. Видеоролик тек қалжың үшін, 10 жасар үлкен қызының көңілін көтеру мақсатымен түсірілген екен», — деп түсіндірді полиция қызметкерлері.

Видеожазбаның бас кейіпкері полицияға өзі келіп, үйде түсірілген видеоны интернетке рұқсатсыз салған белгісіз тұлғаға қатысты шара қолдануын өтініп, шағым түсірген. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 211 «Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату» бабы бойынша сот-тергеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, кәмелет жасына толмаған балалардың алкоголь ішімдік тұтыну фактін анықтау мақсатында экспертиза тағайындалды. Бұл факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 132 «Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту» бабы бойынша тіркелді.

Мақалаға реакция

18 Пікір

  1. Т
    Тимур 10 жыл бұрын
    Дурыс емес акесинин кылыгы арак ишкизип азилдеп ойнаган деген ерси екен аракты ересек адамнын есиннен алалмай журсек ишпесин деп жас балага оны уйреткени нес менин пикирим
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Бұл "əке"ні тергеп-сұрағандар бар ма сонда
  3. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    мүмкін шынымен ойнаған шығар балалар қызық көреді ғой!!!
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    ондай ойыннан оймак шыгады ойынын арты ертен окиниш пен отиуине ким кепил урпактарымызды ймандылыкка тарбйелейик
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ойнамай калсын олай.Кыздардын создерин е ман берип карасан,билмеймин айтарга соз жок.
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      Ойының осылсын,оданда тығылмашақ ойнағаның әлде қайда қуантар еді балаларды.
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Астагфирулла содан баска ойын жокпа,кызынын коңілін котергиси келсе баска нарсе ойлап таппап па?Кызы аракты калай ишетинин бари билип тур,папа жарты стакан деп кояд.Соган караганда кунде солай ойнайтын сиякты гой.
  7. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жаксы бутылкадагы су болсын. Бирак мени кыздардын арак ишкендеги асерлери шошытты.. Еш тайсалмастан рахаттана урттап, закусканы тамсана жегендери маскара емес пе? Бунан кейн онын ишиндеги су емес, арак екенине толык сенимдимин.
  8. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Арак орына су куйылган болса да сумдык екен!
  9. А
    Асель 10 жыл бұрын
    Бала уйде не корсе,ушканда соны истемейдиме.Кудай бетин аулак етсин, мына арекет болашак балардын тарбиесин куртады.Акеси жетисипти осындай ойын уйретсе.
  10. А
    Аю 10 жыл бұрын
    Оу халайық не болды мұншама адамды табалап ақылдарынды айтып ғана қойсандар болмайма.
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      Əкесінің басында шаригі жоқ сияқтығой.
  11. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Арақ емес шығар әкесінің есі дұрыс адам сияқты ғой. Баласы ашырқамай отыр.
  12. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Баягыда коршимиз болатын,ул-кызына пиво ишкизип отыратын.Откенде сол кизды кордим,ап-адеми боп осипти,пиво дегенди аузына алмайды екен.
  13. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жана жылдын елимиз ушин осылай басталатынын ким билген, шакалактардын жагдайы анау, тол тенгемиздин тури мынау елдин есин шыгарып куннен кунге, енди мына есаланнын жасап отырган кылыгын карашы
  14. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    "Казаннан какпак кетсе,иттен уят кетеди" деген соз осындайларга айтылган,желиге осындай кылыгын салган уяты кеткен экеден не кайыр,кызын ойнататын баска жол жок болганы ма?
  15. Б
    Бағила 10 жыл бұрын
    Ел не болып кетті мынау біреу баланы әжетханаға тастаит, біреу коліктен лақтырып миын шашат, мына оңбаған әке деуге аузым бармаит ана сабилерге не көрсетіп отыр, ар намыс ұят дегенді білмеи жастаиынан уланып өскен ұрпақтан не үміт не қаиыр,осындаи адамдардыда ұл тудым деп ақ сүт беріп өсірдіма екен, оңбағанды жазалау керек әкелік құқтан аиыру керек, анасы қаида қарап отыр имансыз оңбаған!
  16. Ж
    Жадыра 10 жыл бұрын
    Мына әкенің өзін тергеу керек. Осындай ойын болушы ма еді?! Баласына көрсеткен тәрбиесі мен өнегесі ме? Енді ұялмай біреуді тергетпек. Интернетке салған адам, негізінен, дұрыс істеген.