Басты бетЖаңалықтарАлматыда Көлік...

Алматыда Көлік полициясы ұрлықпен айналысқан кеден қызметкерін ұстады

Үстіміздегі жылы 19 қаңтарда жедел-іздеу шаралары барысында полицияның Алматы халықаралық әуежайындағы Желілік бөлімінің криминалды полиция қызметкерлері Алматы қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты «Жетісу» кедендік бекетінің қызметкерін ұстады. Тінту барысында одан итальяндық екі жұп ерлер аяқ киімін және шет елдік бұрғылау қондырғысының қосалқы бөлшектері тәркіленді. Ол ұрлаған заттарын Алматы қ. әуежайындағы уақытша сақтау қоймасынан ұрлаған.

«Ұсталған азаматтың кінәсі бейнекамера жазбалары арқылы расталды. Келтірілген залалдың сомасы анықталуда. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-ші бабы бойынша (бөгденің мүлкін ұрлау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

ДереккөзҚазАқпарат