Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын жеңіс күнімен құттықтады. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.
Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы жұрт та адам айтқысыз қиындыққа қарамастан тынымсыз тер төгіп, жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс алқабында, зауыттар мен фабрикаларда күн-түн демей жұмыс істеп, майданды қамтамасыз етті, — делінген президент құттықтауында.
Президент ел бойынша 500-ге жуық көшені батырлардың атымен атау туралы шешім қабылданғанын да айтты.