Басты бетЖаңалықтарДина Таңсәрі Черногориядан босқын мәртебесін сұрады

Дина Таңсәрі Черногориядан босқын мәртебесін сұрады

Дина Таңсәрі Черногориядан босқын мәртебесін сұрады. Бұл туралы Қазақстанның бас прокуратурасы хабарлап отыр.

15 сәуір күні Черногория соты Дина Смайылованы қамаудан босатты. Бұл шешім оның Черногориядан босқын мәртебесін беру туралы өтінішінің қаралмауына байланысты қабылданған, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Черногорияның жоғарғы соты құқық қорғаушы Дина Тәңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан.

Дина Тәңсәрі – құқық қорғаушы. Ол – зорлық-зомбылық көрген адамдардың құқығын қорғайтын «Не молчи» қорының басшысы.

Дина Таңсәрі Қазақстаннан 2021 жылы көшіп кеткен. Құқық қорғаушыға 2023 жылы іздеу жарияланды.

Құқық қорғау органдары «Дина Таңсәрі қорға заңсыз қаржы жиды және оны басқа мақсатта да жаратты» деп күдіктенеді.

Human Rights Watch ұйымы биліктің бұл әрекетіне «Қордың заңды жұмысын қаралап жатыр» деп баға берген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да