Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Біз тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Армения астанасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған саябақ ашылды, – деді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Салтанатты іс-шара аясында Қазақстан мен Армения министрлері саябаққа ағаш отырғызған.
Бір айта кетерлігі, Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштер, бюсттер мен мемориалдық тақталар әлемнің ондаған елінде – Босния және Герцеговина, Германия, Грузия, Иран, Корея, Қытай, Қырғызстан, Венгрия, Египет, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Түрікменстан, Франция, Швейцария және Татарстанда (Ресей) орнатылған.