Басты бетPushАлматы жастары ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты

Алматы жастары ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты

Алматы қаласы әкімдігінің Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасының қорытындысын жариялады.

Бағдарламаға барлығы 6626 өтінім қабылданып, оның 3412-сіне оң шешім шыққан..

Өтінім бергендер және мақұлданғандар саны

Ең көп өтінім білім беру саласының қызметкерлерінен түскен – 2191 адам. Одан кейінгі орындарда:

  • денсаулық сақтау саласы – 1381 өтінім,
  • жұмыс істейтін жастар – 881,
  • ЖОО мен ғылыми ұйымдар – 635,
  • коммуналдық қызметтер – 428,
  • мәдениет – 360,
  • құқық қорғау органдары – 343,
  • әлеуметтік сала – 245,
  • спорт – 86,
  • журналистика – 76 адам.

3412 адам бағдарлама бойынша оң шешім алды. Салалар бойынша олар төмендегідей бөлінген:

  • білім беру – 994 адам,
  • денсаулық сақтау – 630,
  • жұмыс істейтін жастар – 759,
  • республикалық мемлекеттік ұйым қызметкерлері – 249,
  • құқық қорғау органдары – 167,
  • басқа салалар – 613.

Іріктеуден өткендердің қатарында «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша 759 жалға алушы бар. Оларға «Отбасы банк» АҚ-ға жолдамалар беріліп қойған.

Бағдарламаға өтінім қабылдау 2025 жылдың 14 наурызы мен 26 наурыз аралығында жүрген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да