Басты бетЖаңалықтарAir Astana жолаушыларға арналған ұшақта берілетін өнімін жетілдіріп жатыр

Air Astana жолаушыларға арналған ұшақта берілетін өнімін жетілдіріп жатыр

Енді Air Astana-ның бизнес-класы жолаушыларына ұсынылатын асты Алматыдағы Auyl нео-номад мейрамханасы дайындайды.

Әуе компанияның бас лейтмотиві — жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және қазақ дәстүрі, мәдениеті, тағамы мен музыкалық мұрасы.

Auyl нео-номад мейрамханасының бас аспазы Руслан Зәкіров Air Astana бизнес-класының жолаушыларына арнайы дайындаған ұшақтағы мәзірді таныстырды.

Питер Фостер
Питер Фостер. Фото: Air Astana

Жергілікті тағам өндіретіндер, мейрамхана және талантты аспаздармен серіктесе отырып, шағын және орта бизнесті қолдап қана қоймай, жолаушыларға 10 000 метр биіктегі мейрамханамыздың бортында жаңа дәмді татып көруге мүмкіндік береміз, — деді Air Astana атқарушы директоры Питер Фостер.

Әуе компаниясы мейрамханалармен, жергілікті өндірушілермен серіктестікті әрі қарай да жалғастырып, ұшақтағы Қазақстаннан шығатын өнімді кеңейтуді көздейді.

Ұшақта қызмет көрсету бойынша вице-президент Елена Обухова әуе компанияның көктемгі жаңалығы туралы айтып берді.

KCTV ойын-сауық жүйесіндегі контент екі есе артты. Енді жолаушылардың бұрынғыдан да көп жаңа фильм, телехикая мен музыкаға қолы жетпек. Қазақ тілінде контентке көп көңіл бөлінді. Қазақстаның Ұлттық кітапханасымен ынтымақтастық нәтижесінде жолаушылардың қазақ тіліндегі кітаптарды тыңдауға мүмкіндігі бар. «Музыкалық мұра» жинағында тарихы пен халқымыздың жанынан сыр шертетін батырлар жыры, күйлер мен халық әндері бар, — деді Елена Обухова.

Борттағы жол жиынтығы да жаңарып жатыр. Алысқа ұшатын бизнес-класс жолаушылары үшін әуе компания британдық TEMPLESPA брендінің косметикасы салынған Moschino жол жиынтығын дайындады.

Елена Обухова
Фото: Air Astana

Жолаушыларымызға ұсынатын тамақ, сусын, ойын-сауық жүйесі, қауіпсіздік туралы нұсқаулықтан бастап, ересектер мен балаларға арналған жол жиынтығынан Отанымызға деген құрметті, қоршаған ортаға, жолаушылардың жайлылығына деген қамқорлығымызды сезіне аласыз. Ұшақтарымызда да өзіңізді үйіңіздегідей сезінгенді қалаймыз. Әлемнің әртүрлі елінен келген жолаушыларымыз қазақтың қонақжайлығына куә болып, еліміз туралы көбірек білгенін қалаймыз, — дейді ұшақта қызмет көрсету бойынша вице-президент Елена Обухова.

тамақ, ас, балық
Фото: Air Astana

Әуе компанияның стандарттарын халықаралық рейтинг агенттіктері жоғары бағалады. Жақында Air Astana ең жақсы борттағы өнім үшін Travel Plus және OnboardHospitality-ден бірқатар марапатын алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да