Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
Әуе компанияларының жолаушылар тасымалынан түсетін табысы айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы Data Hub Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі дерегіне сүйеніп, хабарлап отыр.
2025 жылғы наурызда әуе көлігі кәсіпорындары жолаушылардан ұшқаны үшін 60,3 миллярд теңге табыс тапты. Бұл, салыстырмалы бағамен есептегенде, 2024 жылғы наурызбен салыстырғанда 18,4% аз. Мұндай қарқынды құлдырау 2023 жылғы желтоқсаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш болып тұр.
Ал жолаушылар саны 5,2%, яғни 1,1 миллион билет азайған. Жолаушылар айналымы, яғни жолаушылар ұшқан қашықтықты да есепке алатын көрсеткіш — 3,7%, 2,2 миллиард ж-км төмендеген, — делінген хабарламада.
Жолаушылар саны да, жолаушылар айналымы да төмен деп айтуға келмейді. Алайда 2024 жылғы наурызбен салыстырсақ, мысалға, бір жолаушы компанияларға тіпті номиналды түрде де аз пайда әкелген: адам басына шаққанда орташа сома — 52,7 мың теңге, былтырғы наурызда бұл 55,7 мың теңге болған еді.