Басты бетЖаңалықтарОлжас Бектенов: 9 облыс өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес

Олжас Бектенов: 9 облыс өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне жаз мезгілі ыстық әрі құрғақ болады деген болжамдарды ескере отырып, өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Табиғи өрттің алдын алу және жою жөніндегі шара жоспары барлық өңірде бірдей тиісті деңгейде іске асырылып отырған жоқ. Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы елді мекендердің айналасынан минералды белдеу жасалмаған. Далалы жерлерде, орманда өрт шығатын болса, бұл ауылдарға тікелей қауіп төнеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарындағы елді мекендер аумағы қураған шөп пен қоқыстан тазармаған, — деді ол үкімет отырысында.

Премьер министр 9 облыс өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес екерін де айтты.

Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының орман мекемелері өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес. Осыған байланысты өңір әкімдеріне биылғы маусымға дайындық жұмысын күшейтуді және бұл мәселені тікелей бақылауға алуды тапсырамын, — деді Олжас Бектенов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да