Алматы тау жолында жарық пайда болды

«Алматы қалалық ТЖД-дан Бостандық ауданы Ремизовка кентінің №400 учаскесінде жарықтың пайда болғаны туралы ақпарат келіп түсті. «Қазселденқорғау» ММ АҚПБ мамандары тексеру барысында анықтағандай, №400 учаскесі тұсындағы жолда ұзындығы 10 метрлік жарық пайда болған», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство қатты жаңбыр жауғанда топырақ көшкіні болуы мүмкін екендігін ескертті. «Қазселденқорғау» ММ АҚПБ  Бостандық ауданының әкімшілігіне қатты нөсер жауғанда автокөлік қозғалысын шектеуді ұсынды.

Еске сала кетейік, толассыз жауған жаңбыр салдарынан Алматының бірнеше ауданында үйлерді су басып, жаяу жүргіншілер көпірін жаңбыр суы шайып кетті.

ДереккөзInform.kz