Қазақстанда медицина қызметкерлері үшін 8,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем енгізілді.
Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектенов «Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында» мақаласында жазды.
Жаңа төлем денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыруға, әсіресе ауылдық жерлерді қажет мамандармен қамтуға мүмкіндік береді деген жоспар бар.
Мәселен, ауылдық елді мекендерге кемінде бес жыл мерзімге жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне 8,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем енгізілді. Тұрғын үй мәселелерін шешудің қолжетімді құралдары бар, — дейді Олжас Бектенов.