Абылайхан Жүсіпов қарсыласын нокдаунға түсіріп, ширек финалға шықты

Ол Азиа чемпионатындағы алғашқы кездесуін жапон боксшысы Хироаки Кинжомен өткізді. Жүсіпов екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген, кейін айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, осы салмақ дәрежесінде 2016 жылғы Олимпиаданың вице-чемпионы Шахрам Гиясов та жүлдеден үмітті. Ол осы Олимпиадада қазақстандық Данияр Елеусіновтен жеңілген еді. 1/4 финалға шығу үшін ол иорданиялық Зияд Ишашты жеңді.

Еске салайық, бокстан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр және ол Германияда өтетін әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі болып есептеледі.

ДереккөзVesti.kz