Басты бетЖаңалықтарАқтөбе облысындағы ауылда карантин жарияланды

Ақтөбе облысындағы ауылда карантин жарияланды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылында карантин жарияланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Көптоғай ауылдық округінде 12 ақпан күні «Мәтжан» шаруа қожалығында мал өліп жатқаны анықталды. Ветеринар мамандар шұғыл сол жерге барып, патологиялық материалды Ақтөбе облыстық ветеринарлық зертханасына жіберді. 20 ақпандағы сараптама қорытындысы бойынша эмкар диагнозы дәлелденді, — делінген хабарламада.

Малдың өлексесі жойылып, қалған ірі қара бақылауға алынған.

27 ақпан күні Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешімімен карантин жарияланды. Сауықтыру және профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл вирус адамдардың денсаулығына еш зиянын тигізбейді, жұқпайды, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да