«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Астанада 6 наурызда түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
6 наурызда Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
6 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
6 наурызда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады.
6 наурызда түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
6 наурызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с болады.
6 наурызда Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
6 наурызда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с жетеді.
6 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында қар, облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, оңтүстікке ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с болады.
6 наурызда Ақмола облысында түнде қар жауып, бұрқасын болады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
6 наурызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с болады.
6 наурызда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
6 наурызда түнде Қостанай облысында қар жауып, бұрқасындатады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
6 наурызда күндіз Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады.
6 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасындатады, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады.
6 наурызда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
6 наурызда күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
6 наурызда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.