Басты бетЖаңалықтарАстанада азаматтарды пәтерге тіркеу шектеледі

Астанада азаматтарды пәтерге тіркеу шектеледі

Мәжіліс депутаттары Астана мен Республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Құжатта Қазақстанның мегаполистеріндегі көші-қон процестерін реттейтін нормалар енгізіледі.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, заң жобасы жер қатынастары, сәулет және құрылыс, көші-қон, жарнама және экология салаларындағы проблемаларды шешуге бағытталған.

Жолдар мен көшелерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қалалардың эстетикалық және сәулеттік келбетіне теріс әсер етеді. Сонымен қатар қаланың сыртқы қабылдауының нашарлауына қоғамдық орындарда аудио жарнаманың интрузивті таралуы ықпал етеді, бұл азаматтар арасында наразылық тудырады. Бүгінгі күні бұл әрекеттер бұзушылықтарға жатпайды және заңнамада әкімшілік ден қоюдың қандай да бір шаралары жоқ. Мәселен, қалалардың сыртқы келбеті мәселелерін шешу мақсатында Республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының құзыретін дизайн-кодты бекіту жөніндегі нормамен, ал әкімдіктің құзыретін стационарлық емес объектілерді орнату және олардың жұмыс істеуі қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі нормамен кеңейту ұсынылады, – деді министр.

Заң жобасының екінші бағыты жерді қала мұқтажы үшін пайдалануды көздейді. Құжат сонымен қатар көші-қон процестерін реттейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да