Азамат Исақұлов бокстан Азия чемпионатының ширек финалына шықты

52 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 1/8 финалда тайландтық боксшы Танес Онгжунтты ұтты.

Бірінші раундта Танес Онгжунт басымдық танытқанмен, кейінгі раундтарда қазақстандық боксшы қарсыласына адым аштырмады. Төрешілер бірауыздан Азаматты жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, осыған дейін ширек финалға жеті қазақ боксшысы шыққан болатын.

ДереккөзVesti.kz