Басты бетЖаңалықтарАқтөбе облысында 34 адам құтқарылды

Ақтөбе облысында 34 адам құтқарылды

Ақтөбе облысы ТЖМ өкілдері 1 наурыздан 2 наурызға қараған түні және 2 наурыз таңертең жолда қалып қойған 34 адамды құтқарып қалды. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Түн ортасында Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданының Ырғыз ауылынан 15 шақырым жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылар ішінде қалған 15 адамды, оның ішінде 2 баланы жылыту пунктіне эвакуациялады. 

Құтқарушылар таңға жақын тура сол жерде жол талғамайтын көлікті қар құрсауынан жолдың күрелген учаскесіне сүйреп шығарып, оны ең жақын елді мекенге дейін ертіп барған. Салонда үш адам болған.

Әйтеке би ауданында «Жүргенов-Сарат» автожолында үш автокөлік қар құрсауында қалып қойып, ішіндегі 12 адам құтқарылып, Жүргенов ауылына жеткізілді.

Таңертең Мұғалжар ауданы, Жұрын ауылынан 10 шақырым қашықтықта төрт адам құтқарылып, Ембі қаласына жеткізілді.

Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да