Басты бетЖаңалықтарАлматыда екі жасар бала 105 магнитті жұтып қойған

Алматыда екі жасар бала 105 магнитті жұтып қойған

Алматыдағы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері бүлдіршіннің асқазанынан 105 магнитті моншақ алып шықты.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

Екі жастағы бала ауруханаға 20 ақпанда жеткізілген. Ата-анасының айтуынша, бір апта бұрын қонаққа барғанда бала бөгде зат жұтып қойған.

Құрсақ қуысының рентгенографиясы барысында өлшемі 6,2×2,2 см болатын көптеген металл заттан құралған конгломерат анықталды. Бөгде затты алып тастау үшін бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Мамандар бөгде затты эндоскопиялық әдіспен алуға тырысты, алайда магниттердің тығыз жиналғандықтан бұл мүмкін болмады. Осыған байланысты хирургиялық араласу — лапаротомия және гастротомия жасау туралы шешім қабылданды. Ота барысында баланың асқазанынан 105 магнитті моншақ алынды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да